15 февраля, 2026
«Референдум–2026» онлайн марафоны қалай өтті?
Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналды. Алты сағат бойы 100-ге жуық спикер ашық диалог алаңында талқылаулар өткізіп, құжаттың мазмұны мен маңызын және қоғам өміріне ықпалын жан-жақты талдады.
Марафон отандық телеарналар мен интернет порталдардың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланды.


