13 ноября, 2025
Ұлттық диктант
13 қазан мен 13 қараша аралығында Жітіқара политехникалық колледжінде «Ұлттық диктант» өткізілді. Диктанттың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі екенін білдіреді. «Ұлттық диктант» жобасына қатысушылардың жалпы саны 331.


