Инновациялардың ұлттық конкурсы
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі – ТДҰА) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен жыл сайынғы Инновациялардың ұлттық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
Конкурстың негізгі мақсаты – тұрғындардың инновациялық белсенділігін ынталандыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау болып табылады.
Конкурс ағымдағы жылы жаңа номинациялармен толықтырылды және инновациялардың мынадай түрлерімен ұсынылды:
- Үздік рационализаторлық ұсыныс;
- Үздік азық – түлік инновациясы;
- Үздік үдерістік инновация;
- Үздік ұйымдастырушылық инновация;
- Үздік әлеуметтік инновация;
- Үздік бизнес періште;
- Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба;
- Орта оқу орындарында оқитындар арасындағы (оқушылар) үздік инновациялық жоба.
Жоғарыда аталған номинациялар бойынша өтінімдер 2016 жылғы 25 маусымға дейін ТДҰА-ның www.natd.gov.kzсайтында онлайн форматта қабылданады.
Жоғарыда аталған конкурсқа өңірдің инноваторларының қатысуы мақсатында осы ақпаратты Қостанай облысының жоғарғы оқу орындарының назарына жеткізуді сұраймын.